учеба

18.08.2014 меруерт
Сәлеметсіз бе?Менің сізге қояр сұрағым, мен грантқа очныйға түстім.Жұмыс істейм , кішкентайым бар.Жұмыс істеп жүріп оқуды оқи алам ба?
27.08.2014
Құрметті студент, (20.04.2014 ж. №152 Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрінің бұйрығымен бекітілген) «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін уйымдастыру ережесіне» сәйкес білім алушының оқу түрі берілетін материалға байланысты кредитпен есептелінеді. Бір кредит 15 академиялық сағатына тең. Академиялық сағат деген - барлық оқу түрлері бойынша білім алушының тікелей оқытушымен сабақ кестесі бойынша жұмыс жасау. Сонымен, білім алушылар бекітілген кесте бойынша оқу сабақтарына қатысуы міндетті. Университет білім алушылардың оқу сабақтарына қатысуы мен үлгерім есебін белгіленген түрде жүргізеді.