Білім

20.04.2013 Нұрлыбек
Саламатсыз ба, Нұрлан Мұханұлы! Мен 2012 жылы кәсіптік колледжді "Тау-кен технигі" мамандығы бойынша бітіріп, өз мамандығым бойынша кеніште жұмыс істеп жатырмын.Енді осы мамандығым бойынша жоғары білімді "Тау-кен инженері" мамандығын алу үшін ВКГТУ-ге сырттай ақылы бөліміне түсу үшін университетте қандай жеңілдіктер қарастырылған және бір жылдық оқу ақысын білуге болады ма? Алдын-ала рахмет!
25.04.2013
Сәлеметсіз бе, Нұрлыбек! Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 50 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған түлектер қабылданады. Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10-25 тамыз аралығында өткізеді. Сырттай оқу түріне бір жылдық оқу ақысы 2012 оқу жылында – 220 600 тг құрады, биылғы оқу жылына әлі белгісіз. Толық ақпаратты Г1-138, Г1-128 дәрісх., 540-354, 541-309 тел. арқылы қабылдау комиссиясында ала аласыз