мамандық

23.11.2014 Женис мейыргул
Сәлеметсізбе! Мен сізге қояр сұрағым мынандай:Мен қазіргі таңда ВКГТУ да аграный техника және технология мамандығында 1 курста және грантта оқимын. Мен осы факултет ішіндегі яғни ФМТ ғы басқа мамандықа 1семестрден кейын ауысуыма болама.Себебі сессия кезінде көп балалар емтихан тапсыралмай гранттан ұшады. Сол бос орынға егер бағаларым және емтихан бағаларым жақсы болса ауысуыма болама? рахмет
02.12.2014
Құрметті Мейыргул! «Білім беруді ұйымдастыру типтері бойынша білім алушылардың қайта қабылдануы және ауысуы Ережелеріне» (19.01.12ж №110 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген, 10.04.13ж №328 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес, мемлекеттік білім беру гранты иегерінің басқа мамандыққа ауысуы ақылы түрде ғана жүзеге асырылады. Вакантты білім беру гранттарын беру, конкурс негізінде емтихандық сессия қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Қосымша ақпаратты машина жасау және көлік факультеті деканатынан ала аласыз.