Карточка студента

16.04.2014 Оқырман
Сәлеметсіз бе Нұрлан Мұқанұлы! Қояйын деген сауалым ШҚМТУ сайтындағы ақпарат жайлы. 1. http://www.do.ektu.kz/doektu/Default.aspx?lang=kz (білім беру порталының негізгі беті) бетін ашсаңыз жоғарғы жағында анимацияланған мәтін бар, сонда университет атауының қазақша нұсқасында қате бар; 2. Карточка студента - бұл тек орыс тілінде жасалған. Мемлекеттік тілдегі нұсқасы тіптен жоқ. Осының ішінде "национальность" (именительный падеж, единственное число) деген ақпаратқа неге "русские, казахи, татары" (множественное число) деген жауап тұрады; 3. Оқытушылар сабақ кестесі, немесе топтың сабақ кестесі беттері мемлекеттік тілде атымен жоқ. Орыс тілді нұсқадан кірсеңіз де, қазақ тілді немесе ағылшын тілді нұсқадан кірсеңіз де баратын бетіңіз сол орыс тілді нұсқасы. Бұл тек сабақ кестесіне ғана қатысты емес, мұндай қазақ тіліне аударылмай қалған беттер баршылық. Әрине, бұл өте көлемді жұмыс, "көш жүре түзеледі" дейді. Бірақ егер "воз и ныне там" болып қала берсе, күш түзелер ме екен? Назарыңызға рахмет!
13.05.2014
Сәлеметсізбе! ШҚМТУ ақпараттық сайтына және білім беру порталына деген қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Университет WEB-ресурстарының үш тілде мазмұндалуы бойынша жұмыс тоқтаусыз атқарылуда. Қазіргі кезде «Студенттің жеке кабинеті» интерфейсін мемлекеттік және ағылшын тілдерінде шығару әзірлену барысында. Сайттан табылған қатені көрсету үшін қатесі бар мәтін бөлігін айқындап, ctrl+enter батырмаларын басыныз, немесе электронды пошта арқылы [email protected] қолдау көрсету қызметіне хат жіберіңіз.