ВКГТУ оқу

08.06.2012 Кенжебек Әйгерім
Сәлеметсіз бе?!Мен Әйгерім.2012 жылдың түлегімін.ҰБТ-дан жиыны 96 балл алдым,орыс тілсіз 77 балл.5-інші пәнім физика.Осы пән бойынша сіздердің оқу орындарыңызда қай факультетке грантқа түсуге мүмкіндігім бар?Өзім қазақ сыныбында оқыдым.Сіздерден жауап күтемін...
12.06.2012
Сәлеметсіз бе, Әйгерім! Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл жинау қажет. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді. Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады.