форма

12.09.2013 студент
салеметсіз бе?Менің сізге ұсынар ұсынысым бар еди...Мен биздин университетімізге бірыңғай форманы енгізсе деймін.Себебі біз беделді жерде оқығандықтан ерекшеленіп турсақ па деймін...жаңа заман талабына сай университет таңбасы бар айрықша киім болса, Тағыда ескере кететін жайт студенттер кез келген киімде сабаққа келеді ,Мұғаліммен студентті айыру мүмкін емес
03.10.2013
Құрметті студент! Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім алушылар білім беру мекемелерінде бекітілген киім үлгісін сақтау керек делінген. Алайда біздің университетте бекітілген киім үлгісі жоқ. Бірақ «Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да оқитындарға арналған ішкі тәртіп Ережелеріне» сәйкес студенттер сабаққа таза, ұқыпты киіммен келуге міндетті. Университетте үй, спорт, демалыс, сырт киімдермен және бас киімдермен жүруге тиым салынған. Біз Сізбен сыртқы келбет бойынша бірыңғай стандарттар қажет екендігіне толығымен келісеміз, себебі бұл ең алдымен жоғары оқу орнының келбетін түзеуге, оның беделі мен мәртебесін көрстеуге мүмкіндік береді. Бүгінде университетте бірегей киім үлгісінің болуы - өте маңызды. Көптеген компанияларда бірыңғай дрес-код ұжымдық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан студенттер болашақта келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін, университтен бастап ресми-іскери стильге үйренуі қажет. Әрине, бірыңғай киім стилі студенттерді тәртіпке бағындырады, бірақ басқа жағынан қарасақ, бұл студенттердің киім таңдау мүмкіндігін шектейді. Сіздің бірыңғай киім үлгісі туралы сұрағыңызды жан-жақты қарастыруға болады, сондықтан қандай да бір жаңа тәртіп орнатпас бұрын, барлық студенттердің қатысуымен кең көлемді қоғамдық талқылау жұмыстарын жүргізу қажет.