Бөлме бөлу

18.02.2013 Рауан
Сәлеметсіз бе, Нұрлан Мұқанұлы! Бізге Әбу-Ханифа мәзхабын ұстанған жастар, оқытушылар үшін түскі бесін намазын оқу үшін, дәрет алып, оқитын бөлме бөлсеңіз. Себебі сабақ уақытында үйге, мешітке барып үлгере алмаймыз.
30.03.2013
Сәлеметсізбе, Рауан ! ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағына орай мемлекеттік органдардың, ұйымдардың; Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердің; сондай-ақ діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында құдайға құлшылық етуге, діни жораларды, рәсімдерді және жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді. Алайда, жұмыс орнынан тыс жерде немесе оқу орнынан тыс жерде діни жоралар мен рәсімдер өткізуге ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының жоғарыда аталған тармағымен тыйым салынбайды.