Ауысу

17.01.2014 Зульфия
Салеметсізбе Нурлан Муханович! Мен СҚФ - нің "ЛРТДиПП" кафедрасының оқытушысымын. Мен өзім осы университетін 2008 жылдың 050725 - Ағаш өңдеу технология мамандығын бітірген едім. Казырғы уақытта магистр дарежем бар. Сонымен қатар көптеген әдістемелік нұсқаулар мен жұмыс бағдарламалар құрғам (қазақ және орыс тілдерінде)және 10 - нан астам мақалалар жазылған (мемлекеттік және халықаралық конференцияларда) Жұмыс қызметім 5 жылдан астам. Егер конкур с жарияланып жатса, менін қатысуыма мүмкіндік барма.Рахмет!
30.01.2014
Құрметті Зульфия! Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымының орнын басу конкурсына тиісті профиль бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі) бар тұлғаларға қатысуға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 51 бабы 5 тармағына сәйкес білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді. Конкурс бойынша сайлануға профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдары, басып отырған лауазымы бойынша қайта сайланған педагогикалық қызметкерлер, сондай –ақ ғылыми қызметкерлер жатады. Мәлімет үшін: ПО құрамы лауазымының орнын басу конкурсы, ҚР Үкіметінің 17.02.2012ж. №230 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнының ПО құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымының конкурс бойынша орнын басу ережелеріне сәйкес, 2014ж. 9 қаңтарда «Рудный Алтай» газетінде жарияланған.