грант

18.07.2013 Гульзат
Салеметсизбе, мен ҰБТдан орыс тілінсіз 68 балл жинадым, архитектурага тапсыру ушін шығармашылық емтихан тапсырған едім, емтиханнан 29 балл жинадым, қазақ тілі мен қазақстан тарихын қосып есептегенде 65 балл болады.Мен 65 баллмен Архитектураға түсе аламын ба? Алдын ала Рахмет!
23.07.2013
Сәлеметсіз бе, Гүлзат! Білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ҰБТ нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Сіз осы баллмен конкурсқа «Сәулет өнері» немесе «Дизайн» мамандығына тапсыра аласыз. Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификатын, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді. Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады. Толық ақпаратты Г1-138, Г1-128 дәрісх., 540-354, 541-309 тел. арқылы қабылдау комиссиясында ала аласыз.