услуги библиотеки
23.02.2013
Кайролдина
Салеметсизбе, курметти Нурлан Муханович. Сизден бир сумдык жагдайдын себебин билгимиз келеди. Биздин гылыми китапханамызда неге студенттерге уйге китап берилмейди? Сондыктан бизге ксерокс жане расспечатка жасауга тура келеди. Ал онын багасы 10 тенге. Биз кунине кем дегенде 20-30 бет жасаймыз, бул дегенимиз кунине 300 тенгеге шыгады,ксерокс жасау ушин кезекти кем дегенде 15 минут тосканды айтпаганда.Шындыгына келсек, бул тек кана менин емес, букил студенттер кауымынын жан айкайы! Калтамыз бундай шыгындарды котермейди! Сизден отинеримиз- бул жагдайдын шешимин тауып, ксерокс, расспечатка багасын томендетиниз!
15.03.2013
Сәлеметсіз бе.
Кітапхананың оқу әдебиеттер абонементінде оқулықтар бір оқу семестріне тегін беріледі. Ғылыми абонементте кітаптар 3-4 курс студенттеріне 15 күн мерзімге тегін беріледі. Қажет болып жатса кітапты пайдалану мерзімін тағы да 15 күнге ұзартуға болады.
Бірақ оқу әдебиеттер абонементі 3 жатақханада орналасқандықтан көбінесе студенттер онда баруға ерінеді. Оқу залында кітаптардың саны шектеулі болғандықтан кітаптар тек оқу залына пайдалануға беріледі. 1990 жылдан бастап көптеген студенттердің сұрауы бойынша «түнгі абономент» ақылы қызмет көрсету енгізілген болатын. Кітаптар сағат 15-00-ден келесі күнгі сағат 10-00–ге дейін берілетін. Ақысы бірнеше жылдан бері өзгеріссіз болды -20 тенге. Студенттер «түнгі абономентті» жиі пайдаланатын. 2013 жылдың 1 қаңтарында университет статусы өзгергеннен кейін кітапханадағы ақылы қызмет пен қоса «түнгі абономентке» кітап беру де тоқтатылды.
Осы жылдың 10 наурызынан бастап студенттердің өтініші бойынша кітапхана қызметкерлері оқу залы қорынан үйге кітаптарды бере бастады. Бір дана ғана оқулықтар үйге берілмейді. Оқырман билетіне және жеке куәлігіне кітаптар сағат 15-00-ден келесі күнгі сағат 10-00–ге дейін тегін беріледі. Кітапты уақытында қайтармаған жағдайда қаладағы банк бөлімшелеріне айып-пұл (айып-пұл банктің комиссиясымен бірге) төленеді.
Ксерокөшірме қызметінің бағасы жайлы: арендатордың алғашқы келісім шарты бойынша ксерокөшірме мен басып шығарудың бағасы осы жылдың 1 сәуірінен бастап қайта қаралады. Жекешелендіру және Мемлекеттік мүлік комитеті мен арендатордың арасындағы шарт бойынша, арендатор кітапхананың оқу залына ксерокөшірме мен басып шығару терминалын қоюды міндетіне алды.
Последние комментарии
Не отображать