Басқа мамандыққа ауысу туралы

12.09.2013 Жулдыз
Салеметсіз бе? Нурлан Муханович Ақылыда оқитын студентке осы ВУЗ дың ішінде басқа мамандыққа немесе осы ВУЗ дан басқа ВУЗ-ға ауысуға бола ма?
24.09.2013
Құрметті, Жұлдыз, (ҚР Үкіметінің 19.01.12ж. №110 қаулысымен бекітілген, өзгертулер мен толықтырулары бар ҚР Үкіметінің 10.04.13ж. №328 қаулысымен бекітілген) «оқу ұйымдарында білім алушылардың білім беру ұйымдарында ауысу және қайта қабылдау ережелері» сәйкес, Сіз бір мамандықтан басқа мамандыққа,бір оқу түрінен басқа оқу түріне ауыса аласыз (соның ішінде басқа жоо). Ауысудың шарты болып бірінші академиялық кезеңді толық аяқтау саналады. Күндізгі оқу түріне ауысу өтініші жазғы немесе қысқы каникул кезінде (кезекті семестрдің басталуына дейін 5 күн кешіктірмей), сырттай оқу түріне – емтихандық сессия басталғанға дейін 1 ай кешіктірмей қарастырылады. Басқа жоо ауысу кезінде өтініш оқып жүрген жоо ректорының атына жазылған өтінішке ауысуға мөр басылған жазбаша түрде келісім алғаннан кейін қалаған жоо жетекшісіне өтініш жазады. Қосымша ақпарат алу үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Тіркеуші офисіне келуге болады (Серікбаев к.,19, бас корпус, Г1-135, 8-7232-540-498 )