Оқу сапасы
29.08.2013
Доцент
Амансыздарма! Қолыма қалам алуға мынындай бір жай түрткі болды. Кезінде СДИ-да сабақ беріп, ғылыми жұмыспен басқа қалаға ауысқанмын. Көптеген әріптестерім осында. Биыл жанұялық жағдаймен осында ауысу қажеттілігі туды. Жұмыс жайымен ШҚМТУ-ға келгенімде, кадр бөлімінің бастығы: «Бізде мораторий, ешкімді қабылдау жоқ» деді....Жарайды деп, әріптестерімнен сұрасам, сіздерде Бағалау және Экономика мамндықтарынан ғылыми дәрежесі бар қазақ тілінде сабақ беруші оқытушы жоқ екен (!)...Сонда мені неге жақындатпады кадрлар бөлімінің бастығы?....ол ол ма – меннен бірнеше күннен кейін орыс тілдес оқытушыны қабылдауға шақырып алыпты орыс тілдес басшыларыңыз (кафедра меңгерушісімен келісіп). Қазір ол адам қабылданып та қойыпты!? Ал сол кәсіпорын экономика кафедрасында қазақ тілдес оқытушы жетпей тұрып, орыс тілдес оқытушыларыңыз 0,75 ставка ғана жинапты – бұл оларға жұмыс жоқ деген ғой! Сонда нагрузка жоқ бола тұра (!), қазақша дәріс беруші жоқ бола тұра (!), мені қуалап, орыс тілдес адамды қабылдауды қалай түсінуге болады????! Сонымен қатар сол кафедрадан былтыр үш (3) қазақ (дәрежесі бар!) жұмыстан шығарылыпты?!) Сіздерді ешкім тексермей ме?... Неге ашық конкурс жарияламасқа – мен сияқтылар (ғылыми дәрежесі бар қаракөздер осында жеткілікті!) адамдар қатысар еді ғой! Қазір елбасымыз оқу сапасын көтеру қамын ойлап, жағдай жасаңдар деп жатқанда, сідердің мына қылықтарыңызды ел мен елбасы қалай түсінер екен, егер жария болса.....
05.09.2013
Құрметті доцент!
Профессорлық-оқытушылық кадрларды, сондай-ақ ғылыми және оқу-көмекші қызметкерлерді жұмысқа алу туралы шешімді факультет деканы кафедра меңгерушісімен бірігіп қызметтік міндеттерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13 шілде 2009 жылғы «Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілгендер қызметтерінің типтік біліктілік мінездемелерін бекіту туралы» № 338 бұйрығы бойынша) қабылдайды. Жұмысқа орналасу сұрағы бойынша Сіз экономика және менеджмент факультеті деканы Евгений Владимирович Варавинге (ауд Г-3-205, тел.: 540-668) немесе университет ректоры Нұрлан Мұқанұлы Темірбековке (206 бөлме тел.:26-28-89) хабарласуыныз қажет.
Последние комментарии
Не отображать