талапкер - 2015

27.02.2015 Азамат Қырықбаев
Сәлеметсіз бе, Нурлан Муханович! Мен биыл мектеп бітірмекшімін. Таңдау пәнім - физика. Сіздердің университеттеріңіздің студенті болғым келеді. Бұл - менің арманым. Сұрақ: Университетте мектеп түлектер үшін биыл да пәндік олимпиадалар /грант ұтып алу үшін/ ұйымдастырасыздар ма? Оған қалай қатысуға болады?
06.03.2015
Құрметті, Азамат! Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мектеп түлектері арасында бір жылда екі пәндік олимпиада өткізеді: 1) Математика, физика, химия, география пәндерінен «Жас талап - KZ көшбасшысы» конкурсы. «Жас талап - KZ көшбасшысы» конкурсы жайындағы толығырақ ақпарат университеттің оқу-білім беру порталында бар: www.do.ektu.kz → «Оқушыға» → ««ЖАС ТАЛАП - KZ» көшбасшысы» конкурсы 2) Математика, физика, химия, география және сурет пәндерінен Д.Серікбаев атындағы аймақтық олимпиада жылда мамыр айында өтеді. Д.Серікбаев атындағы аймақтық олимпиада жайындағы толығырақ ақпарат университеттің оқу-білім беру порталында бар: www.do.ektu.kz → «Оқушыға» → Д.Серікбаев атындағы аймақтық олимпиада Аталған 2 олимпиаданың әр пән бойынша жеңімпаздары Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорының арнаулы грантына ие бола аласыз! Қосымша 3) Ауыл мектептерінің арасындағы математика пәнінен «Жас математик» облыстық олимпиадасы «Жас математик» облыстық олимпиадасы жайындағы толығырақ ақпарат университеттің оқу-білім беру порталында бар: www.do.ektu.kz → «Оқушыға» → «Жас математик» облыстық олимпиадасы Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласа аласыз: Өскемен қ., Серікбаев көшесі 19, жоғары оқу орнына дейінгі дайындау және университетке қабылдау бөлімі, Г-1-136 кабинет, тел.: 8 (7232) 540-285, эл. мекенжай: [email protected].