01.04.2015
Сәлеметсіз бе!
Біздің университетімізді үздік дипломмен аяқтағаныңызға өте қуаныштымыз! 2014-2015 оқу жылында Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығына грант саны - 3 орын берілген, жыл сайын грант орындары өзгереді.
Магистратураға бөлінген грант санын тек Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі анықтайды. Берілетін грант санын біз тек шілдеде ғана аламыз.
Магистратурада оқу - тек күндізгі бөлімде ғана оқытылады. 2014-2015 жыл бойынша оқудың төлемақысы 396 000 тг. Ақылы негізінде түсушілердің үздік дипломдары үшін жеңілдіктер қарастырылған.
Сіз толық мәліметті Академиялық департаменттің жоғары оқу орнынан кейінгі дайындау бөлімінен (магистратура, PhD докторантура) біле аласыз (тел. 78-52-66).
Құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясынан (Г1-138, Г1-128 дәрісх., тел. 540-354, 541-309) және www.ektu.kz сайтынан ала аласыз.
Последние комментарии
Не отображать