Вручение

02.07.2024 Қажыкенова Диляра
Сәлеметсізбе ! Сұрағым бар еді вручение күні бізге 4 күні сағат 10:00 ге қойылды. Енді 2 күн қалғанда уақытын өзгеріп сонымен қатар далада амфитеатрға ауыстырылды . Жалпы балалар барлығы қарсы болып отыр алдын ал күнін белгелеп қойған соң мысалы қыздар макияж прическага жазылады оны біз енді 5 не дейін ешқай жерден орын таба алмаймыз, жазылған ақшамыз тек кетті . Жалғыз ол мәселе емес барлық ата аналар біздің тобымыздан 4 күніні дайындалып алыс жолдан келе жатыр. Жылдағы сиякты акт залында неге болмайды. Барлық универдің группасын бір күнге қойып қойганда қай уакытта біз диплом аламыз?? далада болғанда күн жауын болса юұл қалай болады мұл мәселені шешсе дейміз универ!
03.07.2024
Құрметті, Диляра! Диплом табыстау күнін кейінге қалдыруға байланысты келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Өткен жылы студенттерден дипломды салтанатты түрде өткізуге өтініштер келіп түскен еді. Осыған орай дипломды табыстау тәртібі қайта қаралып, марапаттау рәсімін салтанатты түрде, мерекелік форматта өткізу туралы шешім қабылданды. Дипломдарды тапсыру облыстық драма театрының ғимаратында ұйымдастырылады. Студенттер, қонақтар, сондай-ақ, отбасыңыз бен достарыңыз өздерін жайлы сезінулері және мерекелік атмосферада салтанатты рәсімнің маңыздылығын сезінулері үшін біз марапаттау рәсімін мүмкіндігінше жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз.