27.05.2024
Қайырлы кун!
Басқа білім беру бағдардамасына (мамандыққа) ауысуға болады, егер бірінші академиялық кезең (1 семестр) толығымен жабылса және оқып жатқан Білім беру бағдарламалары тобы шеңберіндегі грантқа ғана ауысуға болады. Егер студент білім беру бағдарламаларының басқа топтарының( ГОП) білім беру бағдарламаларына (мамандығына) ауысса, онда гранттан айырылады. Егер грантта оқып жүріп оқудан өз еркіммен шықсаңыз гранттың қаражатын және степендияларды қайтармайсыз, бірақ оқуға қайта қабылданып, аяқтасаныз бұрын грантта қанша уақыт оқыдыңыз сол мерзімде оқудан кейін сонша жыл жұмыс істеп өтейсіз төмендегі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес:
- ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қалпына келтіру шартымен ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығару кезінде, грантты жұмыспен өтеу қажет, қанша уақыт грантта оқыған болса сонша уақыт (ай) жұмыспен өтейді, немесе ақшалай «Қаржы орталығы» АҚ арқылы қайтаруға болады.
Егерде оқудан өз еркімен шығып, осы жылы немесе келесі оқу жыл көлемінде жоғары оқу орнына қайдатан қалпына келтірілмесе жұмсалған қаражатты қайтармайды.
Последние комментарии
Не отображать