12.09.2013
Сәлеметсіз бе, Сапаргуль!
Грантқа жалпы конкурсқа қатысу үшін талапкерге кемінде 50 балл жинау қажет. Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің мамандықтарының бейінді пәні математикадан кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет. 2013 оқу жылында ақпараттық жүйелер мамандығына жалпы өту балы – 89, ал ауылдық квота бойынша 81 балл, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына жалпы өту балы – 83 балл, ауыл квотасы бұл мамандыққа болған жоқ. Жалпы ауылдық квота бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.
Последние комментарии
Не отображать