24.09.2014
Сәлеметсіз бе, құрметті студент!
Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Білім беру грантын тағайындау ережесімен нақтыланған (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390, 2014 жылғы 5 шілдедегі № 769 қаулыларымен енгізілген толықтырулары бар). Білім беру грантын тағайындау ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналасқан (www.edu.gov.kz).
2014-2015 жылға белгіленген сессияның нәтижелері бойынша «жақсы» және «үздік» оқыған студенттерге келесі жеңілдіктер беріледі:
1) жақсы – 7%;
2) өте жақсы – 10%.
Толық ақпарат алу үшін өзіңіз оқитын факультеттің деканатымен хабарласуыңызға болады.
Последние комментарии
Не отображать