Құжат тапсыру жөнінде
22.08.2023
Сарсенов Гани
Мен сарсенов гани, сіздердің университетіңіздің әкім грантының иегері балам гани мәдидің әкесімін, құжат тапсыру жөніндегі бюракратизм женінде айтқым келеді. Біздер семейдегі шәкәрім атындағы университетіне түсіп тұрмыз. Сіздерде әскери кафедра кафедра болған соң, сіздерге де құжат қатар тапсырғанбыз. Содан билет поездға болмаған соң, жолға машинамен шыққанбыз. Содан жолда келе жатып әкімінің грантын ұтып алғанымызды естідік. Енді сіздерге құжат тапсырсақ па десек приписной книжканы военкоматтың сұрайды. Қазіргі интернет дамыған заманда, фотосы жарамайды дейді. Үйге барған соң оригиналын беріп жіберемін десем, сол сіздердің қызметкеріңіз болмайды дейді. Бұл баланын тағдыры емес па неге олай жеңіл қарайды 2000,2500км машинамен келе жатырмыз, өзім инвалидпін, енді не істейміз бір қағаз үшін мен кері қайтуым керек па, құжат қабылдауды неге ретке келтірмейсіз. Не масқара. Қызметкеріңізді сіздің түсінбедім, біз әскери кафедрасына бола сіздерді таңдап едік, өкінішт
23.08.2023
Сарсенов Гани мырза, Сізден түскен шағымға төмендегідей жауап береміз:
Университеттің қабылдау комиссиясының қызметкері Сізге талапкерді университеттің студенттер қатарына қабылдауға қажетті келесі құжаттардың тізімін жіберген:
- Қосымшасы бар орта білім туралы құжат (аттестат) (түпнұсқа + көшірме).
- ҰБТ сертификаты.
- Жеке куәліктің көшірмесі.
- 075-У нысанындағы медициналық анықтама + флюорография суреті.
- 063 нысанды медициналық анықтама (денсаулық паспорты) (көшірме).
- электрондық форматтағы 3х4 фотосурет
- ҚР ҚМ шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік (көшірме) - ер балаларға.
Сізбен сөйлесіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің (приписное свидетельство - удостоверение о приписке к призывному участку МО РК) түпнұсқасын талап еткен кісі Қабылдау комиссиясында жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.
Последние комментарии
Не отображать