Грант

09.03.2014 Студент
Мен ШҚМТУ де Мемілекеттік грант иегерімін.қазір стипендиям жоқ. Менде бірінші курстан бері 10 сабақтан тапсырылмаған 0. осы рейтингта 56 сабақ босатыппын.Мен бұл университетте оқи алмаймын басқа университетке өсы грантпен ауысума мүмкнбе?1 курс GPA 1.68 қазір 0,70 рахмет!
13.03.2014
Құрметті, Студент, (ҚР Үкіметінің 19.01.12ж. №110 қаулысымен бекітілген, өзгертулер мен толықтырулары бар ҚР Үкіметінің 10.04.13ж. №328 қаулысымен бекітілген) «оқу ұйымдарында білім алушылардың білім беру ұйымдарында ауысу және қайта қабылдау ережелері» сәйкес, Сіз бір мамандықтан басқа мамандыққа,бір оқу түрінен басқа оқу түріне ауыса аласыз (соның ішінде басқа ЖОО). Ауысудың шарты болып бірінші академиялық кезеңді толық аяқтау саналады. Күндізгі оқу түріне ауысу өтініші жазғы немесе қысқы каникул кезінде (кезекті семестрдің басталуына дейін 5 күн кешіктірмей), сырттай оқу түріне – емтихандық сессия басталғанға дейін 1 ай кешіктірмей қарастырылады. Басқа ЖОО ауысу кезінде өтініш оқып жүрген ЖОО ректорының атына жазылған өтінішке ауысуға мөр басылған жазбаша түрде келісім алғаннан кейін қалаған ЖОО жетекшісіне өтініш жазады. Грант иегерлері басқа жоо ауысуы – басқа ЖОО сол мамандық ауысатын университетте болуы тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Тіркеуші офисіне келуге болады (Серікбаев к.,19, бас корпус, Г1-135, 8-7232-540-498 ).