Врученияның уақытының өзгеруі

01.07.2024 Асқарова Шынар
Құрметті ректор, мен 4 курс студенті ретінде врученияның болатын күні(03.07 ні 05.07 не ауыстырылған) мен өтетін орнына(амфитеатр) топпен наразылық білдіреміз! Алдын ала хабарламай, 2 күн қалғанда айтып, жоспарланған істерді, атап айтқанда, ата-аналарымыздың алдын-ала сұранған уақыттары, салон уақыты, алыстан келетін студенттердің барып-кайту билеті жарамсыз боп қалды.Дипломды әр жыл сайын ала бермейтіндіктен, осындай маңызды күні тобымыздың бірқатар студенттері болмай қалғанын біз де қаламаймыз. Сондықтан да бұрыңғы уақыты(03.07) мен өтетін орны(университет) қала беруін талап етеміз.
03.07.2024
Құрметті, Асқарова Шынар! Диплом табыстау күнін кейінге қалдыруға байланысты келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Өткен жылы студенттерден дипломды салтанатты түрде өткізуге өтініштер келіп түскен еді. Осыған орай дипломды табыстау тәртібі қайта қаралып, марапаттау рәсімін салтанатты түрде, мерекелік форматта өткізу туралы шешім қабылданды. Дипломдарды тапсыру облыстық драма театрының ғимаратында ұйымдастырылады. Студенттер, қонақтар, сондай-ақ, отбасыңыз бен достарыңыз өздерін жайлы сезінулері және мерекелік атмосферада салтанатты рәсімнің маңыздылығын сезінулері үшін біз марапаттау рәсімін мүмкіндігінше жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз.