Дипломды алу салтанаты

01.07.2024 Тулақбай Айпара
Сәлеметсіз бе! Мен Цифрлық Технологиялар және Жасанды Интеллект мектебінің 4 курс студентімін. Біздің Дипломды табыстау салтанаты 3-шілде күніне белгіленген еді, алайда дәл 2 күн қалған уақытта, 5-шілдеге ауыстырылды. Салтанатты шараға керек заттар үшін алдын ала төлемдер жасалып қойған болатын. Егер ауыстырған жағдайда жұмсалған қаржы қайтарылмайды. Ата-аналарымыз да осы шараға байланысты жұмыстан сұранған, ал қашықта тұратын студанттердің пойыз және ұшақ билеттері қайтарымсыз. Осы жағдайларды ескере отырып, 3-шілдеге жоспарланған дипломды табыстау салтанатының күнін ауыстырмауларыңызды өтінемін.
03.07.2024
Құрметті, Тулақбай Айпара! Диплом табыстау күнін кейінге қалдыруға байланысты келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Өткен жылы студенттерден дипломды салтанатты түрде өткізуге өтініштер келіп түскен еді. Осыған орай дипломды табыстау тәртібі қайта қаралып, марапаттау рәсімін салтанатты түрде, мерекелік форматта өткізу туралы шешім қабылданды. Дипломдарды тапсыру облыстық драма театрының ғимаратында ұйымдастырылады. Студенттер, қонақтар, сондай-ақ, отбасыңыз бен достарыңыз өздерін жайлы сезінулері және мерекелік атмосферада салтанатты рәсімнің маңыздылығын сезінулері үшін біз марапаттау рәсімін мүмкіндігінше жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз.