ОҚУ

06.06.2013 АЙГЕРИМ
Сәлеметсіз бе?! Мен биыл 2013-жылы ҰБТ тапсырып, орыс тілсіз 45 ұпай жинадым. Таңдаған пәнім физика,ешқай пәннен екі деген баға алған жоқпын.Енді сіздердің университеттеріңізге оқуға түсе аламын ба? немесе қосымша экзамен тапсыру арқылы оқуға түсе аламын ба,тусе алсам қандай мамандыққа және қандай экзамен тапсыра алатынымды толығырақ жазсаңыз...
14.06.2013
Сәлеметсіз бе, Айгерим! Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 50 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған қатысушылар қабылданады. ҰБТ шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді. Толық ақпаратты Г1-138, Г1-128 дәрісх., 540-354, 541-309 тел. арқылы қабылдау комиссиясында ала аласыз.