Қызыл Диплом

28.04.2013 Еркебулан
Сәлеметсіз бе? Мен ЖОО 4 курс студентімін. Окуым жаксы балдық көрсеткішім 3.57. 3 жок. Қазақстан тарихынан 100 алдым. Казіргі таңда маган Қызыл Дипломнын иегері атануға мүмкіндік бар ма? Алдын ала Рахмет!!!
14.05.2013
Еркебулан, «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің типтік ережесіне» сәйкес (16.03.2012ж.ҚР білім және ғылым Министрлігінің № 94 бұйрығымен бекітілген) үздік дипломы А, А- «үздік», В-, В, В+(жақсы) бағаларымен және үлгірімнің орта балы (GPA) оқу барысының барлық кезеңіңде 3,5 кем болмаған жағдайда, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «үздік» бағасымен қорғаған студенттке беріледі. Барлық қойылған талаптарды орындаған кезде Сізге үздік диплом беріледі.