ауысу

02.06.2013 Батырбек Магжан
Саламатсыз ба ректор мырза Мен Батырбек Магжан орал каласында БКАТУ да жерге орналстыру мамандыгында акылы негизде окитын едим. картография жане геодезия мамандыгына ауысайын деп едим. Сиздерде акылы оку канша жане осы мамандыкта бос гранттар бар мекен?
12.06.2013
Құрметті Батырбек Магжан! ҚР Үкіметінің №110 19.01.12ж. «Оқушыларды ауыстыру және қайта орналастыру ережелеріне» сәйкес, оқушы оқуын жалғастыру үшін басқа жоғарғы оқу орынына ауыса алады. Басқа оқу орнына ауысу туралы арызды жазғы немесе қысқы каникул кездерінде жаңа оқу кезеңі (семестр) басталуына бес күннен кем емес уақыт қалған аралықта мекеме (университет) бастығы қарайды. Оқушыларды бір жоғары оқу орнынан басқа оқу орнына ауыстыру рәсімі былай жүргізіледі: 1) Оқушы басқа оқу орнына ауысу туралы арызды оқып жұрген оқу орны ректорының атына жазып, жазба түрде ауысуға келісім алынып мөр қойылғаннан кейін, баратын оқу орны ректорына арыз жазады; 2) Алатын оқу орны ректорына жазылған арызға қосымша оқу-ісі проректоры қол қойған транскрипт көшірмесі, БҰТ тапсыруы туралы сертификат, оқыған оқу орны ректорына жазылған арыз (қолы қойылып мөрмен бекітілген) болуы тиісті. 3) Оқуға қабылдайтын оқу орнының деканы немесе деканның орынбасары оқу жоспары бойынша пәндер айырмашылығын анықтайды (міндетті компоненттер пәндері айырмашылығы бес пәннен аспауы тиісті). Айырмашылықты жоюға берілетін мерзімді декан анықтайды. 4) Ауысуға міндетті шарт болып студенттің бірінші академиялық мерзімді толық аяқтауы (яғни бірінші емтихандық сессия толық тапсырылуы қажет). 5) Студентті жоғарғы оқу орнына ауыстыру туралы соңғы шешімді ректор қабылдайды. Оқу бағасы -346600тенге. Жергеорналастыру және геодезия және картография мамандықтары бойынша босаған грант орындары жоқ.