Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ АЛҒЫС ЖАРИЯЛАЙМЫН!
20.08.2023
Кажиякпарова Бақыт Шайзадақызы
Жетісу облысы,Талдықорған қаласынан 2023 жылғы түлек Зарутай Темірланның ата анасы Кажиякпарова Бақыт Шайзадақызы боламын.Мен осы аталған Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университетінің "Сәулет құрылыс мектебінің" деканы -
Алдунгарова Алия Кайратовнаға, аға оқытушы-Елеманов Данияр Серикболович және профессор-Апшикур Байтак осы кісілерге универстет атынан Жетісу облысына келіп талапкерлерге үгіт-насихат жүргізіп,жас талапкерлердің болашағына жол ашып,өмір жолына дұрыс қадам басуларына және себеп болғандары үшін үлкен алғыс айтамын!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін білім,тәлім – тәжірибе, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!!!!
Последние комментарии
Не отображать