ҰБТ

09.01.2014 Гулнұр Досанкулова
Сәлеметсізбе, Нұрлан аға! Мен биыл 11-сынып оқимын сізден сұрайын дегенім "Ақпараттық жүйелер" мамандығына грантқа түсу үшін ҰБТ-дан неше балл жинау керек орыс тілінсіз?
15.01.2014
Сәлеметсізбе, Гульнұр! Грантқа жалпы конкурсқа қатысу үшін талапкерге кемінде 50 балл жинау қажет. Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің мамандықтарының бейінді пәні математикадан кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет. 2013 оқу жылында 5В070300-Ақпараттық жүйелер мамандығына жалпы өту балы – 89, ал ауылдық квота бойынша 81 балл болды. Жалпы ауылдық квота бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады. Толық ақпаратты Г1-138, Г1-128 дәрісх., 540-354, 541-309 тел. арқылы қабылдау комиссиясында ала аласыз.