Акылы окуга тусу

11.01.2015 Кайырбайов Еламан
Мен ЕНТ дан 66 бал алдым орыс тилин алганда 58 акылы окна тусе аламынба?
13.01.2015
Сәлеметсіз бе, Еламан! Егер Сіз 2014 жылдың түлегі болсаңыз, онда Сіздің сертификатыңыз 2014 жылдың 31 желтоқсанға дейін жарамды. Сізге 2015 жылда жоғары оқу орынға түсу үшін, кешенді тестілеу тапсыру қажет. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі. Толық ақпаратты www.ektu.kz сайтынан Талапкер бөлімінен және Г1-128 дәрісх., 541-309 тел. арқылы қабылдау комиссиясында ала аласыз.