09.02.2015
Сәлеметсіз бе, «Е.Нурсапаров»!
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ білім алушыларының арасында Е.Нұрсапаров жоқ (тізімде жоқ). Сіздің жазған арызыңызда өзіңіз туралы мәліметтер (тегіңіз, есіміңіз, тобыңыз) берілмеген, соған байланысты, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 5-бабына орай бұл арыз анонимді болып есептеледі де, ресми түрде қаралуға жатпайды.
Өз сұрағыңыз бойынша «Көлік және логистика» кафедрасының меңгерушісі В.Н.Вдовинмен хабарласыңыз, сонда Сізге дипломдық жобаны мемлекеттік тілде орындау және қорғау мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, Сіз машинажасау және көлік факультетінің деканы М.В.Дудкинмен, Академиялық департаменттің директоры З.З.Оразалинамен (Протозанов көшесі, 69, әкімшілік корпус, 310-каб.) хабарласа аласыз.
Последние комментарии
Не отображать