КТА

14.02.2015 Арыстанбеков Аскарбек
Салеметсісба Нұрлан Мұханұлы. Мен 2014 жылы ҰБТ дан 48 балл жинағам. Менін қояр сұрағым: Қазір мен университеттін сыртқы болімінде оқимын. 2016 жылы қаңтар айында КТА тапсырып, 2-курста сыртқы болімнің басқа факультетіне ауыса аламынба? осыған жауап берсеңіз. Алдын ала рахмет.
24.02.2015
Құрметті Аскарбек, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мамандықтарында орта білім негізімен сырттай түрде (мектеп) оқыту жүргізілмейді. Сіз Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да сырттай түрде келесі жағдайда оқуды жалғастыра аласыз: егер Сіздің негізгі біліміңіз – орта кәсіптік (колледж) және Сіз ШҚМТУ-нен тандаған мамандық Сіздің колледж мамандығына сәйкес келетін жағдайда (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 21.03.2010ж. № 316 «Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі мамандықтарда білім алу және мамандар мен техникалық және кәсіптік мамандықтардың, орта білімнен кейінгі сәйкестігінің Кестесін бекіту туралы») Егер Сіз шетелдік білім беру ұйымдарында білім алып жүрсеңіз, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға ауысу үшін Сізге ТКТ тапсыру қажет; ТКТ тапсыру үшін өтініштер тапсыру мерзімдері – тамыздың 15 дейін және қаңтардың 15 дейін. Қосымша ақпарат алу үшін Сіз Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың қабылдау комиссиясына хабарласыңыз (8-7232-540-354, 8-7232-541-309).