26.10.2011
Қайырлы күн, Мирхат!
Сіздің М.Г. Тукушевті оқудан шығару мәнбісі жөніндегі сұрағыңызға төмендегідей ақпарат береміз.
М. Тукушев өзінің жасаған іс-әрекетімен, оның және С. Нұралиннің арасында болған дау-жанжалдың шығуына өзі жол берді, соның нәтижесінде қоғамдық орындағы, яғни, университет ғимаратындағы қоғами тәртіп бұзылып, оқу сабақтары өтпей қалды, университет беделіне дақ түсті.
Студенттердің мұндай мінез-құлқы «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Студенті» деген жоғары атаққа қарама-қайшы келеді.
Студентті Ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін оқудан шығару бойынша университет құқығы, студент М. Тукушев қол қойған оқу шартының 3.2 тармағымен және аталған Ереженің 2.5 тармағымен бекітілген, осыған байланысты, білім алушыларға қатысты оқу орнынан шығару тәртіптік шарасы қолданылды. Білім алушыларға арналған Ішкі тәртіп ережесінің 2.2.9 және 2.2.10 тармақтарымен студенттердің жалпыадамгершілік қағидаларын ұстану міндеті және аталған Ереже талаптарын орындау міндеті бекітілген. Сонымен қатар, Ереженің 2.2.14 тармағына орай университет ғимаратындағы қоғами тәртіпті бұзғаны үшін және оқу сабақтарының өтпей қалуы үшін студент жауапты.
Последние комментарии
Не отображать