14.06.2013
Қымбатты Архат! Университеттегі «Студенттер біліміне қорытынды бақылау жасау және бағалау» атты әрекеттегі Құжаттамаланған тәртіптеменің 4.6.11 пунктіне сәйкес «Егер студент қойылған талаптарды орындамаса: қосымша материалдар қолдану, компьютермен рұқсат етілмеген әрекеттер жасау, тәртіп бұзушылық жасау, онда компьютерлік нысанда емтиханды ұйымдастырушы немесе СМЖ Департаментінің қызметкері оны аудиториядан шығаруға құқыkы. Бұл жағдайда акт жасалып, емтихан нәтижесі жойылады, рейтингке қарамастан қорытынды баға «2» (қанағаттанарлықсыз) қойылады. Апелляциялық комиссия студентті емтиханнан шығару фактісі бойынша деканның өтінімін қарастыруға құқылы». Аталған құжат университеттің білім беру порталында «Студентке» - «Емтихандық сессия» сілтемесінде орналасқан.
Сіздің жағдайыңызға байланысты ақпараттар (Апелляциялық комиссия төрағасының қолы қойылған СМЖ Департаменті директорының атына жазған Сіздің өтінішіңіз, кезекші болған оқытушының баяндау хаты, Оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректордың атына жазған Сіздің өтінішіңіз, СМЖ Департаменті директорының қызметтік хаты, емтиханның бейнежазбасы) университетте бар. Сіздің мәселенізді Машинажасау және көлік факультетінің деканының және деканның оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасарының қатысуымен апелляциялық комиссия, СМЖ департаментінің директоры, Оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректор қарастырғанын аталған материалдардан көруге болады.
Емтиханды тапсыру тәртіптемесін Сіздің бұзғаныңыз рас, оған емтиханның бейнежазбасы дәлел бола алады. Сонымен қатар, Сіз өз өтінішіңізде қосымша материалдардың Сізде болғанын және оны қолданбай емтиханды қайтадан тапсыра алатыңыз туралы жаздыңыз.
Сондықтан, Сіздің емтиханды тапсыру тәртіптемесін бұзғанының жөніндегі фактісі негізінде белгіленген талаптарға сәйкес Сізге қатысты шешім қабылданды.
Егер сұрақтарыңыз болса, факультет деканы М.В. Дудкинке (Г-1-207), СМЖ департаментінің директоры Н.А. Дүзкеноваға (Г-1-205), Оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректор Н.Н. Линокқа (Протозанов көшесі,69, 314 бөлме) жолығуыңызға болады.
Последние комментарии
Не отображать