вопрос

09.06.2012 Айкенай
Саламатсызба Нурлан Муханулы мен Орал каласында акпараттык жуйе мамандыгын биыл колледжда битирем. КТА тапсыру аркылы сиз баскартын универге кандай мамадыкка тусе алам жане канша баллмен?Рахмет.
12.06.2012
Сәлеметсіз бе, Айкенай! Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 50 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған түлектер қабылданады. ҰБТ немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді. Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10-25 тамыз аралығында өткізеді.