Грант

22.07.2013 Айгерим
Салеметсіз бе! Мен Ұбт дан 114 балл, орыс тілісіз 89 балл алдым. "Алтын белгі" иегерімін, Таңдау пәнім география. Сіздердің университеттеріңізге қандай мамандыққа 100 пайыз грантка өте аламын. Рахмет. Жауап күтемін
13.08.2013
Сәлеметсіз бе, Әйгерім! Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес, білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың, т.б. жеңімпаздарының басым құқығы бар.