Магистратура
12.01.2014
Касымханова Назерке
Салеметсiз бе, Нурлан Муханович! 2013 ж. С.Аманжолов атындагы ШКМУ-ды 5В060900-"География" мамандыгы бойынша уздiк дипломга аяктадым. Сурак: Д.Серикбаев атындагы ШКМТУ-га магистратурага кандай мамандыктарга тусуге мумкiндiк бар? Кандай пандерден пререквизит тапсыру кажет? Жане де мемлекеттiк гранттар карастырылган ба? Алдын ала рахмет!
22.01.2014
Құрметті Назерке! 5В060900-География мамандығы бойынша дипломы бар Казақстан Республикасы азаматтары Д.Серікбаев атындагы ШКМТУ–не 6М071100-Геодезия, 6М073100-Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау магистратура мамандықтарына түсуге құқылы. Қандай пәндерден пререквизиттерді өту керектігін бейіндік кафедра оқу жұмыс жоспары негізінде шешеді. Аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыстың (грант) жоғары оқу орындарына бөлінуі Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Білім департаментінің құзырында.
Последние комментарии
Не отображать