интернет
22.10.2013
№3 жатақхана студенттерi
Сәлеметсіз бе, құрметті Темірбеков Нұрлан Муханұлы! Біздің сізге өтінішіміз бар. №3 жатақхана студенттер үйіндегі wi-fi желісінде студенттерге қажетті де қолайлы сайттарға тосқауыл қойылған. Мысалы, ең керекті іздеу сайты www.google.com . Сонымен қатар ақпараттарды өзара дистанционды алмасуға әлеуметтік желілерге тосқауыл бар және де wi-fi желісінің жылдамдығы өте баяу, көптеген бөлмелерде wi-fi желісі ұстамайды. Осы өтінішімізге түсіністікпен қарауыңызды және қысқа мерзімде шешілуін сұраймыз.
28.10.2013
Қазіргі кезде № 3 жатақханада 4 Wi-Fi нүктесі орнатылған. Жабдық сатып алуына байланысты қосымша Wi-Fi нүктелерін қою жоспарланып отыр.
Аталмыш желілерде Интернетке қосылу жылдамдығы бөлінген арнаның жүктелуіне тәуелді - желіде тұтынушы неғұрлым көбірек болса жылдамдық соғұрлым төменірек. Интернетке шыққан кезде осыны ескерген жөн.
Әлеуметтік желілерге шығуға тиымдар және лимиттер жоқ. Ал google келсек - google.com автоматты түрде google.kz –ке өзгереді. Бұл - домен аттарын Қазақстан арқылы жүргізуді талап ететін Қазақстан байланыс және ақпараттандыру Министрлігі шешіміне сәйкес орындалған.
Последние комментарии
Не отображать