перевод с вашего вуза студента в другой вуз (бучение грант)

09.12.2016 Баймуратова Айнур
салеметсизбе , Жасулан Кудайбергенулы ! мен ата-ата Баймуратова Айнур. менин кызым сиздердин университеттеринизде бир жыл колеминде окып энергетика мамандыгы бойынша, осы жылдын 1 кыркуйегинен бастап окымай койды. енди сизге сурагым, осы оку жылынан бастап баска оку орнына ауыстыруыма бола ма ? грант бойынша окыган балдарга не комек, не истеу керек ? жолы кандай ? окуга кайта келем десен грантын сакталады, орнын турады деген екен, соны озимнин калама не баска калага ауыстырсам деп едим. баска мамандык блйынша ауысса кандай жолдары бар ? соны тусиндирип, кандай комек корсете аласыз ? салеммен ана-ана
27.12.2016
Құрметті Ата-ана! Егер студент тарапынан келісім шарттың талаптары орындалмаса, белгісіз себептермен сабақтарға қатыспаса немесе академиялық қарыздары болса, ол оқу жылының аяғында үлгермеуіне байланысты оқудан шығарылады. Академиялық қарыздарды жою үшін 2 кезең (қысқы және жазғы) белгіленген.Тапсырылмай қалған емтихандарды (қарыздарын жою) қайта тапсыру ақылы түрде жүргізіледі. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтарындағы № 19 бұйрығында бекітілген). 12. Басқа білім беру ұйымына ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда ауысу туралы жазбаша өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, өзі қалаған білім беру ұйымының басшысына өтініш білдіреді. Қабылдаушы білім беру ұйымы басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі қоса тіркелуі қажет. 15. Білім беру ұйымдарында бұрын білім алған тұлғалар бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылдана алады. Қайта қабылдаудың міндетті шарты білім алушының бір семестрді аяқтауы болып табылады және қайта қабылдау туралы мәселе оның жеке өтініші негізінде ғана қаралады. Білім алушыларды бірінші курсқа қайта қабылдауға бірінші семестрді аяқтағаннан кейін тиісті немесе ұқсас мамандықтар бойынша рұқсат етіледі. 31. Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады. Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде (СЕРПІН) мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады.