Оқу

06.06.2013 Нарын
Сәлеметсіз бе?! Сіздердің университеттеріңізде "строительный" немесе "архитектура" оқулары бар ма? Бұл оқуға 50 ұпай жинамаса, қосымша эмтихан тапсыру арқылы оқуға түсуге бола ма?
14.06.2013
Сәлеметсіз бе, Нарын! Біздің университетімізде Сәулет-құрылыс факультетінде Құрылыс және Сәулет өнері мамандықтары бар. Құрылыс мамандығына 50 және одан жоғары балл болу керек, ал Сәулет өнері мамандығына түсу үшін - арнаулы (шығармашылық) емтихандар тапсырады, бұл емтихандарды сіз таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізеді. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны - екеу. Шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылдау мерзімі 20 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін, Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 25. Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі. Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10-25 тамыз аралығында өткізеді. Толық ақпаратты Г1-138, Г1-128 дәрісх., 540-354, 541-309 тел. арқылы қабылдау комиссиясында ала аласыз.