Магистратура
21.05.2014
4 курс студенті
Сәлеметсізбе құрметті Нурлан Муханұлы, мен ШҚМТУ техникалық физика мамандығының 4 курс студентімін, биыл магистратураға тапсырайын деп едім, құжаттарды тапсыру қай мерзім аралығында жүреді және оған офис регистраторға арнайы тіркелу керек па? керекті құжаттар тізімін жаза аласызба? Біздің мамандық бойынша қанша грант бөлінеді? Рахмет
02.06.2014
Сәлеметсіз бе!
Магистратураға құжаттарды тапсыру мерзімі 10 шілдеден 30 шілдеге дейін.
Магистратураға түсу емтихандары шет тілдерінен және мамандық бойынша 10 тамыздан 20 тамызға дейін өткізіледі.
Шет тілдерінен емтихандар білім беру саласының негізгі атқарушы органдары құрған орталықтарында тест түрінде тапсырылады.
Мамандық бойынша емтихан жоғары кәсіби білімнің алдағы сатыларының бағдарламасы көлемінде жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырылады.
Тамыздың 25 тамызға дейін оқуға қабылдау жүргізіледі.
Магистратурада оқу - тек күндізгі бөлімде ғана оқытылады. 6М072300-«Техникалық физика» мамандығы бойынша 2013-2014 оқу жылында оқу құны – 396000 тг болды.
Магистратураға түсуге арналған құжаттар тізбесі:
1. Ректордың атына жазылған өтініш (университеттің бланкісіне).
2. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі.
3. Жоғары кәсіби білімі туралы құжат және қосымшасы (көшірме).
4. 3x4 көлемді алты фотосурет.
5. 086-У формалы медициналық анықтама.
6. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы және бар болса еңбек кітапшасының көшірмесі.
7. Бар болса, басылып шыққан ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі.
8. Қабылдау комиссиясының қызметтері үшін алынған төлемақы туралы түбіртек.
9. Файл.
Магистратураға бөлінген грант санын тек Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі анықтайды. Берілетін ақпаратты біз тек шілдеде ғана аламыз. Осы мамандық бойынша 2013-2014 оқу жылында грант саны – 2.
Толық мәліметті Сіз Академиялық департаментінің жоғары оқу орнынан кейін дайындау бөлімінен (магистратура, PhD докторантура) 78-52-66 телефоны арқылы және ШҚМТУ: www.ektu.kz сайтынан біле аласыз.
Последние комментарии
Не отображать