Қызыл диплом

05.06.2013 Жанаева Алина
Сәлеметсіз бе! Қызыл диплом алу үшін мемлекеттік емтиханда қандай сабақтардан тесттер келеді?Сол мемлекеттік емтиханда болатын тесттерге арналған үлгі тесттер бар ма?Мен өзім 7 сынып оқимын.Және де сұрайын дегенім:GPA баға деген не?Ол үшін не істеу керек?Өзім үздік оқушымын.
14.06.2013
Құрметті Алина, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес мемлекеттік мамандық бойынша емтиханды өткізудің бағдарламасы мен түрі жоғары оқу орнымен әзірленеді және жоо немесе факультет Оқу кеңесімен бекітіледі. Білім алушылар мамандық бойынша мемлекеттік емтиханды соңғы курста тапсырады. Мемлекеттік емтиханға дайындалу үшін білім алушыларға мемлекеттік емтиханның бекітілген бағдарламасы ұсынылады. «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережелеріне» сәйкес, GPA: оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы.