Сәлеметсізбе, Жулдыз.
Біздің университет мектеп түлектері үшін жыл сайын дәстүрлі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорының арнаулы грантына арналған «Жас Талап-KZ» көшбасшысы» конкурсын және Д.Серікбаев атындағы өңірлік олимпиадасын математика, физика, химия, география, сурет пәндерінен ұйымдастырып, өткізеді. Осы пәндерден берілген тапсырманың 70% орындап бірінші орын алған қатысушы - ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда, университеттің мамандықтары бойынша (таңдаған бейіндік пәніне сәйкес «Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарынан басқа) ШҚМТУ ректорының ГРАНТЫНА - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тегін оқу құқына ие болады. «Жас Талап-KZ» көшбасшысы» конкурсының шарттары: Конкурсқа «Ел ертеңі-KZ» немесе «Жас Талап-KZ» журналының тұрақты оқырмандары болып табылатын, немесе жақын арада сондай оқырман болатын, Қазақстан мен ТМД елдерінің кез-келген аймағының 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Конкурс екі кезең бойынша өткізіледі: - бірінші (сырттай) кезең. Бұл кезеңде «Ел ертеңі-KZ» немесе «Жас Талап-KZ» журналының кезекті сандарында берілген үш бақылау жұмысын орындап, оларды электронды пошта арқылы тексеруге жіберу қажет. Бақылау жұмыстары шешімдерінің нәтижелерін арнайы құрылған кон¬курстық комиссия төмендегі мерзімде қарастырады: 1) - 2013 жылғы 30 қарашаға дейін, 2) - 2014 жылы 31 қаңтарға дейін, 3) - 2014 жылғы 30 наурызға дейін; - екінші қорытынды кезең 2014 жылғы сәуір-мамыр айларында университет қабырғасында өтеді. Бұл кезеңге тексерілген жұмыстардың нәтижелері мен конкурстық комиссияның шешімі бойынша жеткілікті ұпай санын жинаған тек 11-сынып оқушылары ғана қатысады. Конкурсқа қатысу үшін университеттің оқу-білім беру порталындағы www.do.ektu.kz оқушыға деген бөлімде өтінімді толтырып, «ЕЛ ЕРТЕҢІ - KZ» немесе «ЖАС ТАЛАП - KZ» журналдарына жыл бойына жазылуды растайтын сканерден өткізілген түбіртекті келтіру қажет. Бақылау жұмыстардың шешімдерін міндетті түрде ««ЖАС ТАЛАП - KZ» көшбасшысы» конкурсы деген атаумен
[email protected] электронды мекенжайға немесе пошта арқылы 070010, Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 19, (Г1-136 кабинет) мекенжайына жіберу қажет. Казпочтаның кез-келген бөлімшесінде қазақ тілінде «ЕЛ ЕРТЕҢІ - KZ» (индекс - 74215), орыс тілінде «ЖАС ТАЛАП - KZ» (индекс - 75480) журналдарына жазыла аласыз! Журнал жылына 4 рет шығады. Жеке тұлғалар үшін журналдың бағасы – 300 теңге, заңды тұлғалар үшін - 500 теңге. Д.Серікбаев атындағы өңірлік олимпиадаға қатысушылар: 1. Олимпиадаға ШҚО жалпы білім және арнайы (мамандандырылған) білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады. 2. Олимпиадаға қатысу үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындау және университетке қабылдау бөліміне бекітілген үлгімен мәлімдеме беру керек. Олимпиада 2014 жылғы сәуір-мамыр айларында университет қабырғасында өтеді. Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8 (7232) 540-285; e-mail
[email protected] немесе
[email protected]
Последние комментарии
Не отображать