Техническое специальность

21.04.2016 Ханияз
Ассалаумагалейкум!!! Менин сурагым менде диплом жогаргы экономист, технический мамандык окуга сырртай болимин де мумкин дик барма??? жане не истеуим керек
27.04.2016
Сәлеметсіз бе, Ханияз! Сіздің техникалық мамандықта сырттай оқуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Жоғары білімі бар тұлғаларды университетке ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады: өтініш қабылдау - 20 маусымнан бастап 22 тамызға дейін оқуға қабылдау - 10 тамыздан бастап 25 тамызға дейін Жоғары оқу орны негізінде оқуға түсетіндер келесі пәндер бойынша кешенді тестілеу тапсырады: • Қазақ немесе орыс тілі • Қазақстан тарихы • Математика Кешенді тестілеу талапкердің тілегі бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі. Университеттің қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттар тапсырылады: • Білім туралы құжат (түпнұсқасы, дипломның қосымшасымен бірге); • Нострификацияға өтініш (шетел дипломдары бар адамдарға); • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; • Оқуға төленген түбіртектің көшірмесі, немесе кәсіпорыннан кепілдеме келісім-хаты; • 3х4 көлемді 6 фотосурет; • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама; • Жауап парағы; • Қабылдау комиссиясының қызметтері үшін алынған төлемақы туралы түбіртек; • Файл. Анықтама үшін телефондар: • Қабылдау комиссиясы - 54 03 54