жатақханадағы ғаламтор

25.05.2014 Aйгерим
Сәлеметсіз бе, құрметті Нурлан Муханович! Қояйын деген сұрағым жатақханадағы тегін wi-fi ғаламтор жүйесі жайында. Қазір дәл диплом уақытында көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сайттарға кіру мүмкіндігі жоғалды. Сондай-ақ студенттің жеке кабинетіне де кіру мүмкін емес. Қазіргі таңда ғаламтор арқылы көптеген мәселені бірден шешуге болатын еді, бірақ бүндай тосқауылдар кедергі келтіруде. Егер тосқауылдар алынып тасталмаса, онда несіне тегін ғаламтор деп аталады?! Осы мәселені біржақты етсеңіз жақсы болар еді
29.05.2014
Сәлеметсізбе Айгерим. 1) Сайттарға кіруге шектеу жоқ. 2) Жатақханадағы техникалық персоналға бұл мәселе бойынша сұрау түспеген. Сондықтан нақты қандай сайттарға кіру мүмкіндігі жоқтығын пысықтауды өтінеміз. Студенттің жеке кабинеті күні-түні жұмыс істеп тұр және оның іркілуі байқалмады.