09.04.2015
Құрметті Асель, «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау Ережелеріне» сәйкес, 19.01.12ж. ҚР Үкіметінің № 110 қаулысымен бекітілген, өзгертулерімен және толықтыруларымен 10.04.13ж. ҚР Үкіметінің №328 қаулысымен бекітілген, жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламасының толық оқу циклынан (4 жыл) техникалық және кәсіптік білім негізіндегі қысқартылған оқу бағдарламасына ауысу қарастырылмаған. Сіз «Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын Білім беру ұйымдарындағы Типтік Ережелерге» сәйкес Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қысқартылған бағдарлама бойынша 1 курсқа түсу арқылы оқи аласыз.
Оқуға түсу шарттары бойынша, толық ақпаратты Сіз Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сайтынан ала аласыз: www.ektu.kz – Талапкер бөлімінде. ЖОО қабылдау комиссиясымен Сіз 541-309 телефоны арқылы хабарласа аласыз.
Последние комментарии
Не отображать