Қызыл диплом

01.03.2012 макпал
Сәлеметсіз бе,құрметті Нұрлан Мұханович! Мен сәулет-құрылыс факультетінің 4 курс студентімін.Менің G PA балым 3.64, информатика пәнінен ғана үшім бар(74 балл).Сізден сұрайын дегенім "қызыл диплом" алу үшін осы баллым жете ме және үшімді жөңдеуге бола ма? Қызыл диплом алу үшін тағы қандай талаптар қойылады?
26.03.2012
Құрметті Мақпал, «Жоғары оқу орындарындағы студенттердің ағымдағы үлгірімін бақылауда сессия аралық және қорытынды аттестациялауда типтік ережелеріне» сәйкес (16.03.2012ж.ҚР білім және ғылым Министрлігінің № 94 бұйрығымен бекітілген) үздік дипломы А, А- «үздік», В-, В, В+(жақсы) бағаларымен және үлгірімнің орта балы (GPA) оқу барысының барлық кезеңіңде 3,5 кем болмаған жағдайда, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «үздік» бағасымен қорғаған студенттке беріледі. Өкінішке орай сізде С+ «қанағаттандырылған» баға (Информатика пәнінен) бар, сондықтан сізге үздік дипломы берілмейді.