Ауысу

03.03.2016 Мадина
Сәлеметсізбе!!! Сіздің университетке ауысуға болама 1 курс Волгоград бизнес институты сырттай болимнин студенті Экономика мамандыгы жеделдетілген (ускорение обучение ) 3 жыл , Екінші жоғары білім,бірінші Жоғары билимди Мəскеу сауда институты Сервис мамандыгы бойынша бітірдім. Экономика мамандыгына ауысканда неше жыл оким және кта тапсырма.
22.04.2016
Құрметті Мадина, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген «Типтік білім беру ұйымдарында білім алушылардың ауысуы және қайта қабылдауы Ережелеріне» сәйкес, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ екінші білімді алуды жалғастыру үшін Сіз ҚР алғашқы білім туралы құжаттың нострификация процедурасын өтуіңіз керек. (Сіздің жағдайыңызда ҚР сіздің бірінші біліміңіз туралы диплом нострификациялануы қажет). Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ауысу үшін құжатты тапсыру туралы процедурасын Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің деканатынан біле аласыз (8-7232-540-668).