25.04.2013
Құрметті Айгерим Асылбековна!
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасына қабылдау ҚР Үкіметінің 24.05.2006 ж. № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қаулысына және ҚР Қорғаныс министрінің 09.11.2012 ж. № 884 «2013 ж жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына студенттерді запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша қабылдау жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі. 2012 -2013 оқу жылына әскери кафедраға қабылдау 2013 жылдың қаңтар айында аяқталып қойды. 2013-2014 оқу жылына әскери кафедраға қабылдау (қыз балаларды қабылдау) әскери білімнің жаңа концепциясы бекітілгеннен кейін және әскери кафедрада оқитын мамандықтардың тізімі анықталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Толық мәліметті алу үшін, Сіз университетіміздің әскери кафедрасына, ұсынылған телефон бойынша хабарласыңыз! (8-7232-765751)
Последние комментарии
Не отображать