30.01.2015
Құрметті студент!
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 38-бабына сәйкес білім алушылардың кәсіптік іс-тәжірибесі мамандар дайындаудың кәсіби оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіптік іс-тәжірибе тиісті ұйымдарда өткізіледі, және де оқу барысында алынған білімді бекітуге, іс-тәжірибелік дағдыларды үйренуге және озық тәжірибелерді меңгеруге бағытталған.
Білім беру ұйымының кәсіптік іс-тәжірибесін келісім шарт негізінде өткізу үшін іс-тәжірибе өткізу базалары ретінде тиісті ұйымдар белгіленеді, олармен келісіліп, іс-тәжірибе өткізу бағдарламалары мен күнтізбелік кестелер бекітіледі.
Келісім шарттарда білім беру ұйымының, іс-тәжірибе өткізу базасы болып табылатын ұйымның және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершілігі нақтыланады.
Сондықтан, университет іс-тәжірибе базасы ретінде келісім шарт жасасқан ұйымдарда ғана білім алушылар іс-тәжірибеден өтуге тиіс.
Білім алушы университет ұсынған кәсіпорында іс-тәжірибе өтуден бас тартқан жағдайда, ол іс-тәжірибе өтетін орынды өздігінен таба алады, бірақ өтетін іс-тәжірибесі оның мамандандыруына сай келетін болу керек. Мұндай жағдайда білім алушылар іс-тәжірибеге байланысты қаржы мәселесі жөнінде университетке талап қоя алмайды.
Іс-тәжірибені жеке түрде өткен кезде төмендегідей талаптар орындалуға тиіс:
1. Студенттің белгіленген үлгідегі өтінішінің болуы (оның қолтаңбасы бар).
2. Іс-тәжірибе өту орны кафедра меңгерушісімен бекітілуі керек.
3. Кәсіпорыннан алынған кепілдеме хаттың болуы, соның негізінде келешекте универистет және кәпісорын арасында келісім шарт жасалатын болады.
Қосымша түсініктеме алу үшін өз факультетіңіздің деканатына және/немесе іс-тәжірибелік дайындық және жұмысқа орналастыру бөліміне (Мұсабаева Жібек Мырзабекқызына) хабарласуыңызға болады.
Последние комментарии
Не отображать