13.03.2015
Құрметті 12-Пок-2 студенттері!
Сіздер таңдаған «Айналадағы ортаны қорғау және өнеркәсіптік өндіріс» мамандандыру негізінде мамандарды еңбек және кәсіптік қызмет профилі бойынша теориялық және практикалық дайындау қарастырылады. Сіздер педагогикалық қызметте ғана емес, өнеркәсіптік өндіріс саласында да құзырлы болуларыңыз керек. Демек, Сізге « Құрылыс құрылымдары» пәнін оқу керек. Сіз екі бағыттағы да мамандықтардың пәндерін оқу үшін сабақ жоспары арнайы құрылған.
Өнеркәсіптік өндіріс – бұл үдерісте адамдар белгілі бір өндірістік қатынастарда бола отырып, еңбек құралдарын қолданып, қоғамға қажетті өндірістік және жеке тұтынуға арналған қажетті өнімдерді жасайды. «Құрылыс материалдары, стандартизациялау, сертификаттау және кәсіптік білім беру» кафедрасының «Кәсіптік білім беру» мамандығы шығаратын өндірістік үдерістер арқылы құрылыс бұйымдары мен құрылымдарын жасау технологиясы анықталған.
Сіздер ары қарай оқитын пәндердің ішінде «Темірбетонды бұйымдар мен құрылымдар өндірістерінің негіздері» пәні бар. Оны оқу үшін құрылыс құрылымдарын білу керек. Бұл білімді «Құрылыс материалдары» және «Құрылыс құрылымдары» пәндерін оқу арқылы ғана алуға болады. «Құрылыс құрылымдары» пәні бойынша құрастырылған жұмыс оқу бағдарламасы терең есептеулерді және сызбаларды орындауға қатты мән берілмейді, тек таныстырып өтеді.
Келесі семестрде өндіріс технологияларына қатысты пәндермен қатар, қоршаған ортаны қорғау пәндері оқытылады: Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық кешендік сызбаларын жобалау, радиациялық қауіпсіздік негіздері, утилизация негізі, өндірістік қалдықтарды жою және жоғалту, өндірістік кәсіпорындардағы санитарлық нормаларды қадағалау.
Егер Сіздерде оқу үдерісінде қосымша сұрақтарыңыз болса, Сіздер СҚФ деканы Б.Ө. Нұхаеваға (Г-2-322) және ҚМСС және КО кафедрасының меңгерушісі Е.П. Герасимовқа (Тәуелсіздік даңғылы, 4, 2-208 дәрісханасы,) хабарласаңыздар.
Последние комментарии
Не отображать