23.12.2013
Сәлеметсіз бе Ерасыл!
Сіздің әскери кафедра туралы сұрағыңыз бойынша, әскери кафедрада оқу үшін кезекті қабылдау 2014 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейінгі аралықта жүргізілетінін хабарлаймын. Сабақ 2014 жылдың қыркүйек айынан басталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 11 ақпанындағы №118 «Азаматтарды әскери қызметке дайындау, бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және жүргізу, сонымен қатар оқу-материалдық базасын қалыптастыру Ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес,
78-тармақ Студенттердің әскери дайындығы екінші, ал оқу мерзімі бес жылдық мамандықтар үшін үшінші курстан басталады және барлық жағдайларда ЖОО бітіруден бір жыл бұрын аяқталады.
79-тармақ Әскери дайындықтан өту үшін студенттерді іріктеуді ЖОО ректорының атына ұсынылатын жеке өтініштер бойынша іріктеу комиссиясы жүргізеді.
Студенттерді іріктеуде есепке алынады:
1) жергілікті әскери басқару органдарының шақыру комиссиясының медициналық куәландыруы;
2) әскери оқу орындарына тапсыратын талапкерлер үшін бекітілген дене дайындығы бойынша нормативтерді орындау нәтижелері;
3) психологиялық іріктеу нәтижелері;
4) студенттің оқу орнындағы емтихандарды тапсыру нәтижелері бойынша анықталатын орташа үлгерім балл көрсеткіші.
Бұл көрсеткіштер іріктеу комиссиясының отырысында қарастырылады. Әскери дайындықтан өту үшін студенттерді қабылдауды, әскери кафедра бастығы ұсынған іріктеу комиссиясының хаттамасы негізінде, ректор жүргізеді.
Қосымша ақпарат алу үшін Әскери кафедраға (№5 оқу корпусы) Дзержинский көшесі, 7/2 мекенжайына хабарласу қажет.
Последние комментарии
Не отображать